» » » «Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже»

«Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже»

«Политехникалық және жаңа технологиялар мамандықтары» бөлімшесінің «Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже» тақырыбындағы онкүндік негізінде «Автомобиль және жалпы техникалық пәндер» пәндік циклінің оқытушылары оқытумен қатар кәсіби шеберлігі бағытында тәжірибелік жұмыстарын жүргізуді жетілдіруді, теориялық білімдерін іс жүзінде дамыту, ерекше дарынды және интеллектуалды қабілеті жоғары студенттерді анықтау мақсатында «Үздік слесарь-2019» колледжішілік байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысқан студенттер колледж шеберханасында еңбек құралдарын пайдалана отырып, теориялық алған білімдерін байқау барысында пайдалана білді. Байқауға келген қонақтар және әділ қазылар алқасы байқауды қорытындылап, байқаудың ережелеріне сәйкес барлық талаптарын орындаған студенттер жүлделі орындармен марапатталды.