» » » Қабылдау ережелері және қабылдау комиссиясының құжаттары

Қабылдау ережелері және қабылдау комиссиясының құжаттары

І. Жалпы ережелер
1.1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында қабылданған Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (ҚР Үкіметінің  2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 қаулысы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №174 қаулысымен бекітілген) негізінде жасалынған осы «Ереже» И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне (бұдан әрі –Жоғары колледж) күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарына оқуға қабылдаудың белгіленген  тәртібін реттейтін құжат болып табылады.
1.2 Жоғары колледжге негізгі орта және жалпы орта білімі (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары мен жасалған халықаралық шарттар, келісімдер, сондай-ақкелісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар: негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, қазақ ұлтының азаматтары қабылданады.
Жоғары колледжге басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
Жоғары колледжге қабылдау кезінде (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №288 қаулысы 1-тармақ негізінде) мемлекеттік тапсырыспен ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматар үшін ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын  мамандықтар (Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген) бойынша 30 пайыз,  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар үшін- 0,5 пайыз, ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін- 10 пайыз, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға -2 пайыз, І-ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін -1 пайыз, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін -1 пайыз мөлшерінде квота бөлінеді.  
1.3 Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі барларды туысқан мамандықтарға қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға; Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі барларды ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша қысқа мерзімге қабылдайды. Олардан емтихан қабылдау мен пәндер түрлерін оқу орны шешеді.
1.4 Мемлекеттік құпиялармен жұмыс жасау талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты арқылы жүзеге асырылады.
2. Орта  білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруда жоғары колледжге қабылдауды ұйымдастыру
2.1 Жоғары колледжге азаматтардан оқуға өтініштерін қабылдауды, түсу емтихандарын жүргізуді және оқушылар қатарына қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады. Ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді. 
2.2 Аймақтарда көшпелі қабылдау комиссиясының жұмысын Қызылорда облысының білім беру басқармасымен келісіп ұйымдастырады. 
2.3 Қабылдау комиссиясының шешімдерін; өтініштерді қабылдау, түсу емтихандарының кестелерін, оқушылар қатарына қабылдау қорытындыларын, оқуға түсушілерге уақытылы  хабарландырылады.
2.4  Жоғары колледжге оқуға түсетін азаматтардан өтініштер қабылдау күндізгі оқу нысандарына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, кешкі және сырттай оқу нысандарына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі, күндізгі оқу нысаны бойынша түсу емтихандары 01 тамыз бен 28 тамыз аралығында, кешкі және сырттай оқу нысандарына 01 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
2.5 Жоғары колледжге оºó¹à ò¾ñóøiëåð ºàáûëäàó òóðàëû ¼òiíiøiíå áiëiìi òóðàëû º½æàòûíû» ò¾ïí½ñºàñûí, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суреті (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 фотосуретті қоса береді. 
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік -шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
   2) азаматтығы жоқ тұлға- азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
   3) босқын- босқынның куәлігі;
   4) паналатуды іздеуші тұлға -пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
   5) оралман-оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер жоғары колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) сертификатыннемесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатынтапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 3.1.1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
  Қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша және àºûëû íåãiçiíäå îºó¹à ò¾ñóøiëåðäi» ¼òiíiøòåði æåêå òiðêåëåäi æ¸íå åñåïòåëåäi.
2.6.1 Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
      2.6.2 Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
(ағымды жылы мектеп бітірушілер мен бұрынғы жылдары мектеп бітірушілер) тест жиынтығы түрінде тапсырады. Жалпы негізгі білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пәннен (қазақ немесе орыс тілі  және бейінді пән) жүргізіледі.
        Жоғары колледжге түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлайтын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және 
  1. жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
  2. негізгі орта білім бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
  3. мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
  4. мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
  Бейінді пән тізбегі мамандықтар үшін осы Қағиданың 2-қосымшасында келтірілген.
        2.6.3 Жоғары колледжге түсу емтихандары орта білімнен кейінгі білім беру бағдарлама бойынша:
      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
      2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша пәннен өткізіледі;
      3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
  Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағиданың 3-қосымшасында келтірілген.
        Жоғары колледжге ò¾ñóøiëåð ºàáûëäàó åìòèõàíäàðûí қазақ тілінде íåìåñå орыс тілінде тапсырады.
2.7 Қабылдау емтихандарының түрін (тестілеу немесе емтихан билеттерімен тапсырмалары бойынша) жоғары колледж шешеді.
2.8 Қабылдау емтихандары жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін тест түрінде жүргізіледі. Тестілеу әр пән бойынша 25 сұрақтан тұрады. Дұрыс жауап  1 балмен бағаланады.  Үш пәннен құралған тестіге 2 сағат 15 минут, ал  екі пәннен 1 сағат 30 минут уақыт бөлінеді. Тест өткізіліп болғанан кейін дұрыс жауаптардың кодтары ілінеді. Тест нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
2.9 Қабылдау емтихандарының нәтижелері мен келіспеген азамат шағым беруге құқылы. Шағым аппелациялық комиссияға келесі күнгі сағ.13.00-ге дейін беріледі және қабылдау емтихандарының  нәтижелері жарияланғаннан бастап бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен қаралады.
Аппеляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комияссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
2.10 Тесттерді немесе қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
3.1 Жоғары колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде  жүргізіледі: күндізгі оқу нысанына 25 тамыздан 30 тамыз аралығында, сырттай оқу нысанына 15 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
3.1.1 Конкурс жүргізіледі:
-ағымдағы жылы бітірушілердің ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде;
-жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсырылған кешенді тестілеу сертификаты балы негізінде;
-колледжде тапсырған тест баллдарының нәтижелері негізінде.
Конкурс балына ҰБТ және кешенді тестілеудің сертификаты нәтижесібойынша үш пәннің (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және  бейінді пән) қорытынды жиынтығы алынады. Жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін тесті нәтижесі екі пәннен -20 баллдан кем болса, экономика мамандықтарына бойынша 25 балдан кем болса; жалпы орта білімімен үш пәннен -30 баллдан кем болса, экономика мамандықтарына 35 балдан кем жинағандар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.1.2 Орта буын мамандарын даярлауда техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алуышлардың құрамына қабылдау:
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрларды жоғары колледжде даярлауды техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріліп, іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын жоғары колледж айқындайды.
3.2 Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болған жағдайда) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларға, медициналық әлеуметтік сараптама комиссияларының тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін,  І, ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезден мүгедектерге және үздік білімі туралы құжаты бар азаматтарға оқуға қабылдауға артықшылық құқығы беріледі (куәліктер, атестаттар, дипломдар).
3.3 Жоғары колледжге азаматтарды қабылдау, қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде, мамандықтар, бөлімдер мен оқыту тілі бойынша жеке жүргізіледі.
         
1.Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібі
1. Қабылдау комиссиясын ұйымдастыру және өткізу үшін қабылдау комиссиясының төрағаcымен колледждің тәжірибелі, білікті педагогикалық қызметкерлерінен қалыптастырылған емтихан және апелляциялық комиссиялардың құрамдары бекітіледі. Емтихан және апелляциялық комиссиялары қызметінің өкілеттілігі мен тәртібі колледж директоры бекіткен  ережелермен анықталады.
2. Қабылдау емтиханының кестесі қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және талапкерлердің  назарына жеткізіледі. Қабылдау емтихандарының материалдары жыл сайын әзірленеді, қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі, қажетті көлемдегі басылып шығарылады және қатаң есептегі құжат ретінде темірсандықта сақталады.
3.  Түсу емтиханына бөгде тұлғаларға (тексеруші органдарды қоса есептегенде) қатысуға жол берілмейді.
4.  Талапкерлер емтихан тобының тізіміне сәйкес қатаң жеке куәлігін көрсету арқылы қабылдау емтиханы өтетін дәрісханаға кіреді. Түсу емтиханында тыныш және жайлы жағдай қамтамасыз етілуі,  оқуға түсушілерге өзінің білімі мен ептілігінің деңгейін толығымен көрсетуге мүмкіндік жасалуы тиіс.
5.  Бір топ үшін бір күнде бір – ауызша немесе жазбаша емтихан өткізіледі.
6.  Түсу емтиханына дәлелді себептермен (ауырып қалу немесе басқа да құжатпен расталған жағдайлар) қатыспаған тұлғаларға оған қатар топтарда қатысуға рұқсат беріледі.
     7. Түсу емтихандарын өткізу кезінде оқу уақытының (академиялық сағатта) мынадай нормалары ұсынылады:
     1) оқу тобында жазбаша емтихан өткізуге:
     -оқыту сауаттылығы  бойынша (оқыту тілі) – 4 сағат (шығарма), 2 сағат (мазмұндама), 1 сағат (диктант);
     - математика бойынша – 3 сағат;
     2) ауызша емтиханға оқуға түсетін бір талапкерге 1/3 академиялық сағат (15 минут) беріледі. 
Кешенді тестілеуге екі пән бойынша 1 сағат 30 минут, үш пән бойынша   2 сағат 15 минут беріледі.
     8. Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
     9. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Қанағаттанарлықсыз баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
     10. Қойылған бағамен келіспеген жағдайда талапкерлердің өтініштерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы колледж директорының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына кешенді тестілеуге енгізілген (пән емтиханы) әр пән бойынша бір сарапшыдан (оқытушы) кіргізу ұсынылады. Сарапшы ретінде жалпы білім беретін мектептердің білікті мұғалімдері шақыртылуы мүмкін.
     11. Апелляцияға өтініш тестілеу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
            12.  Апелляция қарау кезінде қосымша сұрақ қоюға жол берілмейді.

Қызылорда облысының білім басқармасы 

“И.Әбдікәрімов атыңдағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжі” КМҚК

             

Қабылдау емтиханының ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» КМҚК емтихан комиссиясы құрамын, қызметін емтиханға дайындалу барысында және оның қызметін емтихан жүргізуде анықтайды.

1.2 Емтихан комиссиясының негізгі міндеттері:

-азаматтар үшін түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу: негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімімен;

- колледжге қабылдаудың белгіленген тәртібін орындау;

-Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген білім беру саласындағы азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

-жоғары колледжге түсудің барлық рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

-түсушілердің қабілеттілігі бейімділігін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету;

-техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі бағдарламаларын меңгеруге қабілетті және машықтанған азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету.

1.3 Емтихан комиссиясын таңдау тәртібі.

1.3.1 Жоғары колледжге қабылдау емтиханын ұйымдастыруға және жүргізуге техникалық кәсіптік білім беру негізгі бағдарламасын меңгеруге алдағы мүмкіндігін анықтау үшін, жоғары колледжге түсу үшін түсу емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде, емтихан комиссиясы төрағасымен құрылады.

1.3.2 Емтихан комиссиясы ең тәжірибелі және білікті оқытушылардан, түсу емтихандары дейін үш айдан кешiктiрілмей құрылады. 

1.3.3 Емтихан комиссиясының өкілеттік мерзімі - 1 жыл.

1.4 Өз қызметі барысында емтихан комиссиясы келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының типтік ережелері;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелері;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілері;

- білім беру қызметін жүзеге асыру құқығындағы мемлекеттік лицензия;

- жоғары колледж Жарғысы;

- осы Ереже.


2. Негізгі бөлім

2.1 Емтихан комиссиясының құрамы

2.1.1. Емтихан комиссиясының жеке құрамы және оның жұмыс тәртібі жоғары колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.

2.1.2 Емтихан комиссиясының жұмысы жоғары колледж директорының бұйрығымен тағайындалатын төраға жетекшілік етеді. Төраға емтихан комиссиясы мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі және осы Ережеге сәйкес емтихан комиссиясының жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

2.1.3 Емтихан комиссиясының мүшелері: Қабылдау комиссиясының төрағасының орынбасары, бөлімше меңгерушілері, тәжірибелі оқытушылар.


2.2 Емтихан комиссиясының функциялары (құзыреті)

2.2.1. Қабылдау емтихандары (кешенді тестілеу) шеңберінде емтихан комиссиясы келесі функцияларды орындайды:

- түсу емтихандарын (комплекстік тестілеу) кестесін құруда (күні, уақыты, емтихан тобы мен өткізілетін орны, нәтижелері хабарлау күні), қабылдау комиссиясы төрағасы бекітеді;

- емтихан тапсырушылар үшін аудиторияда талап етілетін  құралдардың тізбесін анықтау (техникалық құралдарды қоса алғанда);

- нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес түсу емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

- білім бағдарламасын меңгеруге дайын және білім деңгейі сәйкесті, қабілетті және даярланған тұлғалардың сапасы мен дайындығын бағалайды;

- аппеляцилық өтініштерді қарауға қатысуға;

- түсу емтихандарының нәтижелерін қорытындылауға және бекітуге қатысады;

- қажетті құжаттарды ресімдейді.


2.3 Емтихан комиссиясының мүшелерінің міндеттері

2.3.1 Емтихан комиссиясы Төрағасының міндеттері:

- емтихан комиссияларының білікті мүшелерін іріктеуге қатысады;

- түсу емтихандарын (кешенді тестілеуді) жоғары колледжде өткізуге ұлттық тестілеу орталығына тест тапсырмаларына сұраныс жолдайды;

- түсу емтихандары үшін материалдарды дайындауды емтихан сессиясы басталғанға дейін кемінде 20 күн бұрын ұйымдастырады;

- емтиханды өткізу реттілігін барлық емтихан қабылдаушыларға хабардар етеді;

- түсу емтихандарының кестесін бекітеді;

- комиссия мүшелерінің жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырады және бақылайды;

- аудиториялардың емтиханға дайындығын бақылайды;

- қолданыстағы нормативтік актілермен көзделген өзге де міндеттерді атқарады.

2.3.2 Емтихан комиссиясының мүшелерінің міндеттері:

- тексеру үшін қажетті жабдықтар мен жабдықтарды дайындау және тексеру;

- жабдықталған аудиторияларда оқуға түсу емтихандарын тікелей өткізу;

- қажетті құжаттарды рәсімдеу.


2.4 Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі

2.4.1 Оқуға түсу емтихан материалдарын дайындау.

2.4.1.1 Түсу емтихандары басталуға дейін қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясы және емтихан комиссиясы мүшелеріне жоғары колледжге қабылдаудың және түсу емтихандарына материалдарды дайындаудың жаңа нормативтік құжаттарын меңгеруді ұйымдастырумен айналысады;.

               2.4.1.2 Емтиханға дайындалған тест тапсырмалары қатаң есепке алынады және қабылдау комиссиясының төрағасы жәшігінде сақталады.

2.4.2 Қабылдау емтиханын (кешенді тестілеуді) ұйымдастыру және өткізу 

2.4.2.1 Түсу емтихандарын (кешенді тестілеу) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы жауапкершілігіне емтихандар кестесін құрып, талапкерлердің тобын қалыптастыру болып табылады. Кестені қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

2.4.2 Қабылдау комиссиясы мүшелері түсу емтихандарының (кешенді тестілеу) кестесіне сәйкес аудиторияның кіре берісінде талапкерлерден жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді.

2.4.2.3 Емтихан қабылдау комиссиясы төрағасы бастаған талапкерлердің алдында тапсырма жинақталған буманы ашады. 

2.4.2.4 Емтихандық комиссия мүшелері бейінді пәндерді көрсете отырып, жауап парақтарын таратады. Емтихан парақтарын толтыру үлгісін емтихан комиссиясының мүшелері таныстырады.

2.4.2.6 Екі пән бойынша кешенді тестілеу уақыты - 1 сағат 30 минут; үш пән бойынша 2 сағат 15 минут.

 2.4.2.7 Емтихан тапсырмаларын орындау кезінде жоғары колледждің бұрыштық мөртаңбасы бар жұмыс-парақтарын қолданады. Емтихан тапсырғаннан кейін сарапшылар жауап парақтары мен конверттері  тобымен жинақтап, оларды қабылдау комиссиясының төрағасына жібереді.

2.4.8 Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы емтиханнан кейін сол күні талапкерлердің кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялайды. Нәтижелер колледждің кіреберіс фойесінде ақпараттық стендке орналастырылады.

2.4.9 Емтихан (кешенді тестілеу) нәтижесімен конкурс жарияланады.




Қызылорда облысының білім басқармасы 

“И.Әбдікәрімов атыңдағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжі” КМҚК

Апелляциялық комиссия ережесі

1. Колледждің апелляциялық комиссиясы бірлестік орган болып табылады, оның негізгі міндеті талапкер мен емтихан комиссиясының арасындағы емтихан сынақтары нәтижелері бойынша қарама-қайшылықтарын қарастыру болып табылады.

2. Апелляциялық комиссияның мақсаты, емтихан сынақтарының уақытында бірынғай талаптардың сақталуы және емтихандық жұмысты бағалау кезіндегі қарама-қайшылықтарды шешу, емтихан сынақтарында талапкердің құқығын қорғау

3. Колледждің аппеляциялық комиссиясы келесі ережелерге сүйенеді:

   - ҚР-ның Конституциясы;

   - ҚР-ның “Білім туралы” заңы;

   - ҚР-ның білім және ғылым министрлігінің нормативті актілері; 

   - Колледждің қабылдау комиссиясының ережесі;

   - Жоғары колледждің қабылдау қағидалары.

4. Апелляциялық комиссия отырыстары қажет болған жағдайда өткізіледі. Отырыстың күні, уақыты жане өткізу орны, аппеляциялық комиссия төрағасымен белгіленіп, қабылдау комиссиясы жауапты хатшысымен аппеляциялық комиссия мүшелеріне жеткізіледі.

5. Егер аппеляциялық комиссия отырысына комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, оның шешімі құзыретті болып табылады. Апелляциялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру ашық түрде өткізіледі. Егер комиссия мүшелерінің дауыстары теңдей бөлінген болса, төраға дауысы шешуші дауыс болып табылады.

6. Емтихан сынағының нәтижесіне талапкер жазбаша түрінде қате бағалау жөнінде талап-арыз беруге құқылы (әрі қарай- аппеляция). Талапкер колледжге қабылдау қағидасына сәйкес өз жұмысымен танысуға, емтихан сынағының кестесімен және осы Ережемен танысуға құқылы.

7. Аппеляция -талапкердің дәлелді жазбаша өтініші бағалау сынақтарының өткізу тәртібінің бұзылуын, бағалаудың төмендеуіне алып келеді немесе оның пікірі бойынша кіру сынағындағы койылған бағаның қателігі.

8.Апелляцияда төмендегідей ақпарат болу тиісілі:

а)талапкердің анкеталық мәліметі: тегі, аты, акесінің аты;емтихандық парақ нөмірі

б)арыз берушінің мотивациясы

9.Апелляцияны қарастыру барысында талапкерге қойылған бағаның дұрыстығы қарастырылады. Апелляция емтиханды қайта тапсыру болып табылмайды.

10. Апелляция емтихан тапсырылған күнінен келесі күнгі 13.00-дейін қабылданады.

11.Талапкер апелляция барысында қатусыға құқылы. Кәмелетке жетпеген (18 жас дейің) талапкермен ата-анасы немесе заңдық өкілі қатысуға құқылы.

12.Талапкер, емтихан барысында алынған балдарын қайта қарауға қатысқанда өзімен бірге емтихан парағы мен төлқұжаты болу керек.

13.Апелляция өзгеше адам оның ішінде талапкердің туған туысқандарынан қабылданбайды.

14.Апелляцияны қараудан кейін апелляциялық комиссия емтихан барысында алынған баға жөніңде түпкілікті шешім шығарады.

     Емтихан барысында алған бағаға өзгерістер еңгізілу қажеттілігі туындаған кезде апелляциялық комиссияның шешімінің хаттамасы толтырылады және емтихан парақшасына хаттамаға сәйкес өзгерістер еңгізіледі.

     Апелляциялық комиссия барасында емтихан кезіңде қойылған бағаға комиссия мүшелер арасында келіспеушілік туындағанда баға қарапайым көпшілік дауыспен мақұлданады. 

15.Апелляция комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделіп талапкер назарына жеткізіледі (қолы қойылған) 

16.Апелляциялық комиссияның шешім хаттамасы талапкердің жеке ісінде сақталынады 1 жыл көлемінде қатаң есеп құжаты түрінде сақталынады.

17.Апеляциялық комиссия мүшелері құқылы:

     -апелляциялық комиссияның ұсыныстары мен шешімдерді ұсынуға және                

       шешімдерді талқылауға

     -апелляциялық комиссияда талқылауға арналған сұрақтарды дайындау  

        кезіңде қажетті ақпаратты сұратуға 

     - дауыс беруге қатысуға.

18.Апелляциялық комиссияның төрағасы комиссия отырысын ұйымдастырып, құжаттама жүргізуге міндетті.

19.Апелляциялық комиссия мүшелері комиссияның отырыстарына қатысуға және талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныстар міндетті.


































































И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне 2018-2019 оқу жылына оқуға қабылдаудың ҚАҒИДАЛАРЫ

 
































































ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ       
                                                                                                                                                                












































ПОЛОЖЕНИЕ ОБ АПЕЛЛЯЦИОННОЙ КОМИССИИ
31 қаңтар 2018 ж. 0 0