Студенттік кеңес

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитет» ережесі
Колледж Жастар комитеті – мемлекеттік жастар саясаты академия деңгейінде жүзеге асырушы құрылымдық бөлімше. Комитет директор,алдында қызметтік талаптарды орындауға, республика, қала деңгейлеріндегі түрлі жастар ұйымдарымен тең дәрежелі әріптестік қатынас орнатып факультеттердің белсенді студенттерімен бірлесе, сапалы қызмет атқаруға жауапты.
Комитеттің басты мақсаттары:
- Колледж әлемдік жастар саясатының жүзеге асуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік маңызы бар құжаттардың, оның ішінде жастар саясатына тікелей қатысты «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның ҚР мемлекеттік жастар саясыты концепциясының іс жүзінде жүзеге асуын қадағалау;
- Колледж студенттері арасында құқық бұзушылық фактілерін алдын-алу мақсатында іс-шаралар кешенін жүргізу;
- Студенттер арасында өзара татулық пен келісімді орнықтыруға бағытталған ымыраластық көңіл күй орнату;
- Студенттерді оқу-тәрбие үдерісіне белсенді түрде араласуға тартып, факультеттерді әр түрлі мәдени ағартушылық іс-шаралар өткізуге ынталандыру;
- Студенттердің ғылыми танымдық ой-өрістерін дамыту мақсатында пәндік және тақырыптық олимпиядалар, ғылыми практикалық конференциялар ұйымдастыру;
- Түрлі бағыттағы байқаулар, конкурстар мен фестивальдар ұйымдастыру;
- ЖК отырысында студенттік декандардың жатақханалардағы студенттік кеңестер басшыларының , қоғамдық бірлестіктердің үйлестірушілерінің есептерін тыңдауға, олардың қызметтік міндеттерін айқындауға, жұмыс жоспарларын бекітуге, сонымен қатар жұмыс жоспарларын бекітуге, қызметтік нұсқаулар мен кеңестер беруге, әр түрлі ресми жағдайларда алғыс немесе сөгіс жариялауға;
- Қалалық және республикалық деңгейде өз академияның атынан өкілі ретінде қатысуға, жастар парламентінде, ректоратта, академияның Ғылыми кеңесінде, қабылдау комиссиясында академия жастарының атынан сөз алуға, ат салысуға, ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге;
- Өзге университеттердің, жастар комитеттерімен тығыз әріптестік байланыс орнатуға;
- Тәрбие ісі жөніндегі алдында студенттерді марапаттау мен сияқы тағайындау жөнінде, сонымен қатар, қажет жағдайларда әкімшілік шара қолдану жөнінде ұсыныс беруге;
- Колледждің жастар саясатын тиімді жүргізу мақсатында ректоратқа ұсыныстар мен мәлелерді шешу жолдарын ұсынуға;
- Қызмет барысында ректораттың, факуьтет деканаттарының құзырындағы қажетті ақпараттарды сұратуға, қызмет бабын пайдалануға құқылы.
- ЖК негізгі қызметін және күнделікті жұмысын колледждің тәрбие істері жөніндегі проректорының жетекшілігімен жүргізеді;
- ЖК өз қызметінде төмендегі нормативтік – заңдық құжаттарды басшылыққа алады:
- ҚР контитуциясы;
- «ҚР жастар саясаты туралы» заңы;
- ҚР мемлекеттік жастар саясатының концепциясы;
- Колледж Ғылыми Кеңесінің, ректораттың қабылдаған шешімдері;
- Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының отырыстарында қабылданған қаулылар мен шешімдер.
- ЖК өз құзырындағы қаулылар мен әдістемелік кеңестер даярлау.
- Комитет белгіленген мерзімде жұмыс жоспарын, ережелерін, қаулыларын бекітеді және басшылыққа алады;
- Комитет төрағасы (төрайымы) ректор бұйрығымен тағайындалады;
- Төраға (төрайым):
- Комитетке жүктелген қызметтік міндеттерді өз мерзімінде, сапалық жүзеге асырады;
- Комитет құрылымындағы қызметкерлердің қызметтік міндеттерін толық түсіндіріп, қызметтерін сапалы үйлестіреді;
- Студенттік декандар мен қызметтік байланыс орнатады;
- Қызмет барысында ректор тағайындаған ережелер шеңберіндегі қызметтік құқықтарды пайдаланады;
- ЖК құрамында ЖК төрағасы (төрайымы), салалық инструкторлар кіреді.
- Өз жиналыстары мен ресми бас қосуларында ЖК құрамыжастар саясатына қатысты мәлелерді талқылайды, шешімдер мен қаулылар шығарады, ректоратқа ұсынылатын құжаттар даярлап іс шаралардың жоспарларын бекітеді;
- ЖК отырысында бекітілген қаулылар, нұсқаулықтар мен ішкі бұйрықтар факультеттердің студенттік (қоғамдық) деканаттарына орындауға міндетті құжаттарболып табылады.
1.Оржанова Анар Мирамбекқызы – колледжішілік «Жастар ісі жөніндегі комитет» төрайымы;
2.Ермекбай Динара – жастар комитетінің І орынбасары;
3.Нағашыбай Бағдат – «АСУ» жайдарман құрамасының жетекшісі;
4.Кеңесбек Айбек – Қызылорда «Ақиқат-Айнасы» дебат клубының координаторы;
5.Мұхтарова Аружан – ІТ бөлімінің жетекшісі;
6.Оразалина Азиза – «Аруназ» би бөлімінің жетекшісі;
7.Болатбек Бағдат – «Аяла» ән бөлімінің жетекшісі;
8.Ахметжан Дамир – «Еріктілер мектебінің» жетекшісі.
9.Әбдіхан Арыс - «Жас Отан» ЖҚ жанынан ашылған дебат үйірмесінің жетекшісі.
10.Сейітқали Сұлтан - «Жас Отан» Жастар қанатының колледжішілік бөлімше басшысы.
| Р/с | Іс-шаралар атауы | Формасы | Өткізілетін мерзімі | Өткізілетін орны | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 1 қыркүйек Білім күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастыру. | Концерттік бағдарлама | Тамыз | Колледж алаңы | фотоесеп | Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Музыкалық жетекшісі |
| 2 | Студентермен танысып жаңа құрамдарын бекіту | Жиналыс | Қыркүйек | Кітапхана | хаттама | Коледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 3 | 22 қыркүйек "Тіл мерекесінне" орай дөңгелек үстел өткізу. | Дөңгелек үстел | Қыркүйек | Кітапхана | хаттама | жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 4 | «Алтын күз-2016» байқауы | сайыс | Қазан | Акт зал | Марапаттау, фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 5 | Қалалық мәдениет үйінде «Алтын күз -2016»байқауы | сайыс | Қазан | Қалалық мәдениет үйі | Марапаттау Фотоесеп | Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 6 | Мұғалімдер күніне арналған "Ұстаз-Ұлы тұлға" атты мерекелік іс шарасын өткізу. | Концерттік бағдарлама | Қазан | Акт зал | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 7 | 1- қазан қарттар күніне орай жалғызбасты қарттарға көмек көрсету | Қайырымдыл ық акция | Қазан | Қала бойынша | Фотоесеп | Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Музыкалық жетекшісі |
| 8 | 10-қараша –Дүнежүзілік жастар күніне орай « Жастар елдің болашағы» акция өткізу | Концерттік бағдарлама | Қараша | Акт зал | Фотоесеп | Музыкалық жетекшісі. Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 9 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Тұңғыш Президент күніне орай колледжішілік «Үздік студент -2016» конкурс | конкурс | Қараша | Акт зал | Марапаттау фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 10 | Медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру | Кездесу әңгімелесу | Қараша | Кітапхана | фотоесеп | Коледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы. колледж мейркеші |
| 11 | 16- желтоқсан тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты іс-шара өткізу. | Концерттік бағдарлама | Желтоқсан | Акт зал | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы |
| 12 | «Жаңа жыл» мерекесіне орай студенттерге арналған мерекелік кеш ұйымдастыру. | Салтанатты жиын | Желтоқсан | Акт зал | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы |
| 13 | Колледжшілік жастар ұйымына жиналыс өткізу | Жиналыс | Айына бір рет | Кітапхана | хаттама | Коледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 14 | «1- наурыз –Алғыс айту» күніне орай қайырымдылық акциясын өткізу | Қайырымдылық акция | Наурыз | Колледж асханасы | фотоесеп | Коледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 15 | «1-наурыз Ұстазыма алғыс айту » | Концерттік бағдарлама | Наурыз | Акт зал | фотоесеп | Коледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 16 | 8-наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған "Аналар-асыл жандар" атты іс-шара ұйымдастыру | Концерттік бағдарлама | Наурыз | Акт зал | Марапаттау фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы |
| 17 | 22 наурыз "Армысың әз наурыз" мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізу | Концерттік бағдарлама | Наурыз | Колледж асханасы | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 18 | 1-сәуір күлкі күніне орай Бүкіл халыққа күлкі сыйла Колледжшілік «Әзіл кеш»сайысы өткізіу . | Сайыс | Сәуір | Акт зал | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 19 | 15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай мерекелік шара ұйымдастыру. | Концерттік бағдарлама | Сәуір | Акт зал | Фотоесеп | Музыкалық жетекші. |
| 20 | 1 мамыр "Қазақстан Халқының бірлігі күніне" орай іс-шара ұйымдастыру | Концерттік бағдарлама Мамыр | Мамыр | Акт зал | фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы |
| 21 | 7-мамыр Ұлан күні мерекесіне орай «Жігіт сұлтаны-2017» байқауын өткізу | сайыс Мамыр | Мамыр | Акт зал | Марапаттау фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы |
| 22 | 9 мамыр "Ұлы Жеңіс" күніне байланысты "Ардагерлерді ардақтайық" атты мерекелік іс-шара ұйымдастыру | Концерттік бағдарлама | Мамыр | Акт зал | Фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы |
| 22 | Колледждің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты кеш | Салтанатты кеш | Маусым | Колледж алаңы | Марапаттау Фотоесеп | Музыкалық жетекшісі Жастар ісі төрайымы. |
Колледжішілік«Жастар ісі жөніндегі комитет» жиналысының
№___ хаттамасы
Күні:15.01.2016 жыл
Қатысушылар: Колледж директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,ұстаздар және колледж студенттері.
Жауапты:Б.Сайдулла
Қаралған мәселелер:
- «АСУ» жайдарман құрамасын Астана қаласына маусымашарға жіберу мәселесі.
- Әртүрлі мәселелер.
10 күнге созылған маусымашар өз мәресіне жетіп,колледж атынан барған «АСУ» құрамасы орталық лигаға жолдама алып,Алматы ашық лигасына өтті.Жайдарманшыларға тек сәттілік!
Қаулы етілді:
- Жайдарманшыларға алдағы уақытта өз киім үлгісін тіктіріп беру;
- Алматы ашық лигасына дайындалдыру.
Хатшы: З.Құлмағанбет



- Жазғы маусымда студенттерді жұмыспен қамту;
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің басшылығының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдулла , «Жасыл ел» еңбек жасағы РШ-нан келген хатпен таныстырды.Хатта,жазғы маусымда студенттердің бос уақытысын тиімді әрі жаңа ортада достар табу мақсатында жұмысқа шақыратындығын жеткізді.Студентке ата-анасына өз еңбек терімен нанын жегізсе,одан артық ата-анаға қуаныш барма?! «Жастар комитетінің» белсенділері ақпараттық жұмыстарды жүргізіп,қатарға 32 бала жұмыс жасауға ниет білдірді.Айлық мөлшері 35.500 теңгені құрады.Ал екінші маусымға 14 бала жұмыс атқарды.Қаланың көгалдануына,абаттануына, тазалығына жауапкершілікпен қарап,жаңа ортаға сіңісті,жаңа достар тауып,етене араласа кетті,жыл аяғында жастар балында жұмыс жасаған студенттердің барлығы облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Жұмыспен қоса барлық Жасыл елдіктер болып,Қарттар үйіне барып өз көмегімізді және мерекелік ән кешімізді қойып кеттік.
Елбасының «Біз,тек жасыл қала үшін!» деген ұранын ұстанған жастар алдағы уақытта да «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыстар атқарады деген ойдамыз.
Қаулы етілді:
- «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жұмыс жасайтын студенттердің санын көбейту.
2.Жатақханадағы өзекті мәселелерді қарау;
3.Әртүрлі мәселелер.
Студенттік өмір – адам өміріндегі ең қызықты шақтардың бірі және бірегейі. Осы қызықты өмірдің студенттер үйінде басталуының өзі де жақсылықтың нышаны.
2015 жылдың 31 қазан күні жалпы колледж жатақхана студенттерінің тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында жатақханаға барды. Колледже оқитын 75 студент,өзіміздің жатақхана тұрғындарының қатарынан.Колледж белсенділері әрқайсысының бөлмелеріне кіріп, тұрмыс-тіршілігін көзімен көріп, студенттердің хал-жағдайларының жақсы екендігіне көз жеткізіп қайтты.Біздің колледжіміздің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жасалатындығын,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Бауыржан Сайдулла айта кетті.Әрдайым жатақхана жұмыстары бірінші орында тұратындығы,кез келген мәселемен маған келсеңдер,барлығын шешіп беруге тырысамын деп өз уәдесін берді.
Ал колледж «Жастар комитетінің» студенттері өздерінің арнайы дайындап келген мерекелік шағын концерттік бағдарламасымен өз қатарларына шақырды.Ән де,би де,түрлі ойындарда ойнатылды.Барлығы дән риза болып,шығарып салысты.
Қаулы етілді:
1.Жатақхана топ басшысын бекітіп,сол арқылы жатақхана студенттерімен жұмыс жасау;
2.Жатақхана студенттерінің арасында сайыс ұйымдастыру.
Концерт барысында өнерлі жастар өлең оқыды, ән салып, би биледі. Отырған жұрт көздеріне жас алып, ризашылықтарын батасымен жеткізді. Осы үйде жастары 88-90-ға келген қазақ қарттары тұрып жатыр. Концерт аяқталған соң, ол кісілермен әңгіме-дүкен құрудың да сәті түсті. Студенттер әр бөлмені аралап, қарияларға арнап алған азын-аулақ сыйлықтарын табыстады. Қарттардың сөз ауанына қарасақ қайсібірінің бала-шағасы, немере-шөберелері бар екен. Бірақ жасы келген шағында ұрпағының қызығын көріп төрде емес осы бір мекемеде отыруға мәжбүр. Бала күнінде балағына оралып, еркелеп өскен балалары өз қолдары өз ауыздарына жеткен шақта керек қылмай, сыртқа итеріп тастапты. Мұны қалай түсінбіруге болады? Қатігездік пе әлде азғындық па? Бір қызығы, бұл жердегі кісілер баласынан еш мейірімділік, махаббат көрмесе де, баласын жамандамайды. Тіпті, дөрекілікте танытпайды. Неге дейсіз бе? Себебі іштен шыққан шұбар жылан қашан да ыстық. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» дегеннің кері осы.
Қаулы етілді:
1.Алдағы уақытта қарттар үйін назардан қалдырмау.
Қаулы етілді:
1.Акцияны алдағы уақытта тағы да қайталау;
2.Белсенділерді марапаттау.


Қызылорда халқы болып,орталық алаңда тойлау біз үшін дәстүр.Барлық мемлекеттік мекемелер,жеке кәсіпорындар,барлық оқу орындар барлығы дерлік осы жерде.Біздің колледжімізден 40 студент осы мерекені атап өтуге,ат салысуға қалды.Наурыздан наурызға аман-есен жетейік деген тілектерден бастап,түрлі ойындарға дейін ұйымдастырылған.Тегін наурыз көже ішу акциясы да бар.Бізде осындай нәрселерге куә болып қайттық.
Қаулы етілді:
1.Наурыз мейрамықарсаңында түрлі шаралардан дәм татқызу.

«Жастар-заманның тұтқасы»-демекші жолдауды жастар арасында кеңінен тәжірибе алмасу мақсатында,республикамызға танымал «Абзал және К» ЖШС жұмысымен танысып қайтқан болатын. «Абзал және К» Елбасының қолынан республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік/ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленді. «Абзал және К» ТС ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі.
Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді, күрішті өндіру және өңдеу қызметімен айналысуда және ауыл шаруашылық саласына инвестиция құюда.
Біздің колледжіміз аграрлық,техникалық мамандықтарды оқытатын болғандықтан,бұл компанияның жұмысымен танысу өте бір ғанибет еді.Мың рет естігенше,бір рет көргенге жетпес.Өздерінің күнделікті қандай күріш жеп жүргендіктері,күніне қанша күріш өндірілетіндігі,қай елдерге экспортталатыны,қанша адам компанияда жұмыс атқаратындығы,осындай дәрежеге қандай еңбектің арқасында жеткендігін және тағы да басқа айшықты жұмыстарымен таныстыра өтті.Колледж студенттері,Елбасының жолдауда нені айтқысы келгендігін түсінген іспеттес.Әрине алда әлі жыл көлемінде жұмыстар атқарылады.
Қаулы етілді:
1. Ірі өнеркәсіптермен тығыз байланыста отырып,жұмыстарын студенттер арасында тәжірибе алмасу;
2. Агроөнеркәсіпті дамытудың жолдарын жастарға іздестіру.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Ғ.Мамытов
Хатшы: Б.Нағашыбай
2.Діни түсініктер.
Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Бұл адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор.
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында студент жастармен «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті. Шарада дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Ш. Тобжанов және Ж. Скаков баяндама жасап жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қаулы етілді:
1.Дін өкілдерімен көбірек кездесулер,жатақхана тұрғындарымен де кездесулер ұйымдастыру.
2.Бірлесіп шаралар өткізу.


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Көңіл қуантқан кездесу» атты колледж директоры С.Тәуіпбайұлымен белсенді студенттердің тарихи кездесуҚатысушылар: Колледж директоры,Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» белсенділері
11.00-11.05 Алғы сөз, ашылу салтанаты, Модератор: Анар Оржанова – И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» төрайымы
11.05-11.10 Алғы сөз, құттықтау, колледж директоры С.Тәуіпбаев
11.10-11.15 Алғы сөз,колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Мамытов
11.15-11.30 «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенді студенттерінің директормен сыр-сұхбаты
11.30-11.35 Ортада күй
11.35-11.45 Колледж директорының белсенді студенттерді «Жастар ісі жөніндегі комитетіне» саяси түрде қабылдау рәсімі және алғыс хатпен марапаттауы
11.45-11.50 Серғалиева Гүлсая «Қазақ елі осындай» және естелік суретке түсу
Қандай да шара болмасын,жас көмекшілер іске кірісе кетеді.Бүгін колледжімізде,кезекті «Жас Отан» жастар қанатының жиналысы өтіп,жаңа бөлімше басшысы тағайындалды.Осы кезге дейін,ГС-16о оқу тобының студенті Кеңесбек Айбек өз жауапкершілігіне алып,түрлі шаралар атқарып келді.Өз себептеріне байланысты,бас тартып,орнына ПСК-17о оқу тобының студенті Сейітқали Сұлтанды ұсынып,белсенділердің дауыс беруі арқылы және колледж директорыныңтәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Мамытов Ғалымжан,«Жас Отан» жастар қанатының қалалық бөлім басшысы Талғат Тілестің қолдауымен тағайындап,төс белгісін тақты.«Ардагерлерді ардақтайық!»жобасы «Жас Отандықтардың» бетке ұстар жұмысы.Осы жобаны бірінші орынға қоямыз,алдағы уақытта колледж студенттерін басқа да қырларынан танытамын деп,өз уәдесін берді.
«Жастар-заманның тұтқасы»-демекші,жаңа көшбасшыға үлкен сенім артылады,белсенділерге тек сәттілік.
Қаулы қабылданды:
1. «Жас Отан» Жастар қанатының жаңа бағытын жастар арасында насихаттау.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов
Хатшы: Б.Нағашыбай




Иә,өмірде бәрі жетіп,асып-тасыса да өмір қызықсыз болып қалмай ма дейсің?!Алла Тағала бай мен кедейді бір-біріне қарап,шүкіршілік етсін деп теңестірсе керек.Отбасы тауқіметін тартып жатқан қанша адамдар бар десеңші.Жетіп тұрса,бергің келетін...
Қаламыздағы Талсуат елді-мекеніндегі отбасы төмен бір отбасыны сырттан естіп,сол апаның үйіне бет алдық.Жадыра апамыз,өз кезегінде көп баланы асырап отқан ана екен,әрине жұмыссыз,мемлкет берген балдардың несібесімен күн көріп жүрген,сол апаға барып,қолымыздан келген барлық нәрсені жасап кеттік.Жігіттер қысқа отын дайындап,сарайға кіргізіп,қыздар қауымы үйдің барлығын шығарып қағып-салып,толықтай бір жаңартты.
Қаулы етілді:
1.Жанашыр болу керектігін ұғындыру.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Ғ.Мамытов
Хатшы:А.Кеңесбек
2. Ақмешіт-Сырдария Орталық мешітімен қайырымдылық жасау;
3.Әртүрлі мәселелер.
«Басқан ізі білдіртпей,келіп қалды» -деп Абай атамыз айтып кеткендей,биылғы қыс мезгіліде өз қаһарына мінді.Далада кетіп бара жатқан,ит те қалай кетіп бара жатыр солайынан қатып қалып жатыр.Осындайда,біреулер адамзат қауымына аянышты көзбен қараса,екінші біреулері осы мезгілді пайдаланып пайда тапқысы келіп қалады. «Темірді қызған кезінде соқ»-демекші,такси жүргізушілері де кем де емес.Алайда кейбір дәріханалар сыртқы есігіне «Келіп,шәй ішіп кетіңіз,Жылынып алыңыз!» деген сынды жылы сөздермен жылытып та жатыр.
Колледж белсенділеріне «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің имамдарынан ұсыныс түсті.Еріктілер және мешіт имамдары адам көп шоғырланған базар,орталық көшелерде аялдамада барар жері Талсуат,Киров,Белкөл сынды елді-мекендерде тұратын үлкен қарт кісілерді,балалы әйелдерді,заты көп апаларды «ТЕГІН ТАКСИ» қайырымдылық шарасын толыққанды түсіндіріп,баратын жерлеріне дейін,ақшасын төлеп,шығарып салып отты. «Суық күнде автобус та жоқ»-деп аязға шымшылған үлкендеріміз бұл акциямызға дән риза.24-25 қаңтар аралығында осы акцияны ұйымдастыруға жастарымыз өз сүбелі үлестерін қосты. «Бақытты бол,Өркенің өссін»-деген ақ батамен сусындаған жастарымыз алдағы уақытта жамандыққа бет бұрмай,үлкен жүрегі жұмсақ азамат пен азаматшалардың бірі болып өз орнын табады деген сенімдеміз деп,мешіт имамдары да өз алғыстарын жаудырды.
Қаулы етілді:
1.Қайырымдылық шараларына белсенді түрде атсалысқан студенттерді марапаттау.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов
Хатшы:Д.Ермекбай







«Жастар ісі жөніндегі комитет» жиналысының хаттамасы №___
Қатысқандар:24
Қатыспағандар:0
Жауапты: «Жастар ісі жөніндегі комитеті»
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Елбасы жолдауын жастарға кеңінен тәжірибе арқылы түсіндіру;
2. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасымен таныстыру.
Елбасы биылғы өзінің кезекті жолдауында, « Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.
Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, "қағаз қолданбайтын ауруханаға" көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет»-делінген.Елбасымыз өз жолдауы арқылы болашағымызды бағдарлап берді.Мақсат айқын,тек жұмыстар жасалу қажет.
Колледждің білікті мамандарының ұтымды,шешіміне орай.колледж студенттеріне арнайы, «Халықты қызмет көрсету» орталығынан мамандар шақырып,оқыту курстарын бастап та кеттік.
Алдағы заманымыз,тек технология мен техника заманы болатындықтан,қазіргі жастар барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуы шарт.Осы негізде,колледж жастары интернет желісін толыққанды біліп,алдағы жұмыс кестелерімен танысты.Технология заманы болғандықтан,алда тек «Ақылды қала», «Смарт қала», «Цифрлық Қазақстан» сынды сөздермен теке тіресетініміз хақ.Студенттер «Халыққа қызмет көрсету» орталығының жұмыстарын оқу орнында отырыпта өздігінен істей алатындығын және қиын да шаруа емес екеніне көздері жетті.
Қаулы етілді:
1.Алдағы уақытта тағы да оқыту курстарын өткізуді жоспарлау.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов.
Хатшы: Б.Нағашыбай

Колледж студенттерінен құралған топтар,белсенділер қаланың шеткі,бергі жерлерін тазартты.
Қаулы етілді:
1.Сенбіліктерге студенттерді жұмылдыру;
2.Тазалыққа бейімдеу.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Б.Сайдулла
Хатшы: А.Оралбаев









«Жастар ісі жөніндегі комитетінің» № ___ хаттамасы
Қатысушылар: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары,колледж белсенділері,ұстаздар қауымы
Жауапты: «Жастар комитеті»
Қаралған мәселелер:
- «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жазғы мезгілде жұмыс атқарған студенттер;
- Жыл соңында студенттерді марапаттау.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің ең еңбекті қажет ететін жұмысы жазғы еңбек семестрін ұйымдастыру болып табылады.
Республикада жыл сайын жастар белсенділігі өсіп келеді. Соның бір айқын дәлелі студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының және «Жасыл ел» жасақтарының қозғалысын жаңғырту бойынша ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жалпы ұлттық бастамасын жүзеге асыру болып табылады.
Қозғалыс бүкіл Қазақстан бойынша кең таралып барады, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы алғашқылардың қатарында тұр. Бүгінде жастар еңбек қозғалыс дамуындағы қалыптасқан жақсы дәстүрлерді айтуға болады. Жыл сайын колледжімізде жастар еңбек бастамасын насихаттау бойынша ірі көлемдегі іс-шаралар жүргізіледі. Еңбек маусымының ашылуын атап өту, Көңілді Тапқырлар Клубының турнирлерін, жазғы би кештерін, салауатты өмір салты бойынша акциялар және колледж студенттеріне арналған басқа да көңіл көтеру іс-шараларын өткізу дәстүрге айналып отыр.
Биыл колледжімізден «Жасыл елдіктердің» қатарына 34 студент жұмыс атқарды.Жаңа оқу жылына өз қаражаттарын өздері еңбектеніп тапса,екінші бір жағынан жаңа ортаға бейімделіп достар табады,еліміздің көгалдану жұмыстарына да атсалысқан есебінде болады.Азанғы 09.00-16.00-ге дейінгі жұмыс уақытын ойнап-күліп бітіріп тастайды.Айлық көрсеткіші де жылдан-жылға көбеюде.
Жазғы маусым бітіп,жылдағы дәстүр бойынша салтанатты жабылу сәтін барлық жұмысшы және студент жастар күтері хақ. Себебі,2014 жылдан бері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының Қызылорда облыстық штабы «ОРДА» мейрамханасында «Жастар балы-2017» атты көтеріңкі кеш сыйлайды.Шараның мақсаты, «Жасыл елдіктердің» қатарында болған,жаз бойы тер төккен студенттерді облыс әкімдігінің атынан марапаттап,сыйлықтар табыстайды. «ЖЫЛ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАСЫН» анықтайды.Көптеген жанарларды жаулаған,бұл баллға біздің жазғы маусымдағы жұмысшы жастар мен колледж белсенділерінен құралған 10 жұп қатысты.Олар:
1.Байқадамов Нұрсұлтан ВМ-15о
2.Әміров Нұрбол ВМ-15о
3.Балтабай Әсел ПСК-17о
4.Нағашыбай Бағдат РС-16о
5.Абдол Арайлым ПСК-17о
6.Нұрғалиева Назым ПСК-17о
7.Кеңесбек Айбек ГС-16о
8.Оразалина Азиза АРЭС-27
9.Иса Аружан АРЭС-27
10.Абдуллахан Нұрдаулет РС-16о
Жұмыс жасаған студенттер марапатталып, белсенділер барлығы 1 ай көлемінде дайындалып,Қызылорда жастарының алдында 40 жұп сахна сәнін келтірді.Жаңа келер жылға мұндай жақсы әсерлер қалдыратын заманауи шаралар болса,жастарымыз әрдайым жұмысқа белсене араласады деген ойдамыз.
Қаулы етілді:
1.«Жасыл ел» еңбек жасақтарына келер жылда одан да көп студенттерді тарту.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар:Ғ.Мамытов
Хатшы:Д.Ермекбай

Колледжішілік«Жастар ісі жөніндегі комитет» жиналысының
№___ хаттамасы
Күні:14.12.2017 жыл
Қатысушылар: Колледж директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар,бөлімше меңгерушілері және «Жастар ісі жөніндегі комитет» белсенділері
Жауапты:Оржанова Анар Мирамбекқызы
Күн тәртібінде:
1. Тәуелсіздікке іс-шара ұйымдастыру;
2.«Ректор кубогі-2017!» атты жайдарман сайыстарын ұйымдастыру;
3.Кеш барысында қолаңсыз оқиғалар болмауын алдын-ала қамтамасыз ету.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің басшылығы және колледжішілік «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенділерімен жиын өтті.Жиын барысында, «Жастар ісі жөніндег комитет» төрайымы Оржанова Анар ұсыныс айтты.Көп жанарды жаулаған жайдарман сайыстарын осы Тәуелсіздік қарсаңына «Ректор кубогі-2017!» жобасын өткізейік деп.Мақұлданып,4 бөлімшеден 4 топ шығып және колледж жатақханасынан 1 топ,колледжде оқитын қыздар қауымынан 1 топ шықты.Барлығы 6 топ,2 сайыс(Сәлемдесу және 5 әзіл) атты сайыстар арқылы өз бақтарын сынады.Шараға І,ІІ,ІІІ орынға кубок, «Үдік ойыншы-2017» номинациясы ,қалған командаға ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.Қазылар алқасының мүшелігінде:
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Мамытов;
2. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Қанат Ботжанов;
3. «Қызылорда Жайдарман» филиалының директоры Басаров Әліби төрешілік етті.
Қазылар алқасының шешімімен І орынды өнерлері өздеріне сай,көрермені әркез қолдауды аямаған «Жатақхана тұрғындары» алды,ІІ орынды «Теміржолшылар»,ІІІ орынды «Ауылшаруашылық» бөлімшелері иеленсе, «Үздік ойыншы-2017!» номинациясымен жатақхана тұрғындары командасының ішіндегі Есниязова Динара атанып,қалған командалар дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қаулы етілді:
1.Тәуелсіздігіміздің баянды болуын;
2.Жастардың басын қосатын Жайдарман сайыстарын өткізу.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов
«Жастар ісі жөніндегі комитет» төрайымы: А.Оржанова
Хатшы:Д.Ермекбай

Колледжішілік«Жастар ісі жөніндегі комитет» жиналысының
№___ хаттамасы
Күні:11.12.2017 жыл
Қатысушылар: Колледж директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар,бөлімше меңгерушілері және колледждің 485 студенті.
Жауапты:Оржанова Анар Мирамбекқызы
Күн тәртібінде:
- «Төрлет,Жаңа Жыл!»- атты колледж студенттеріне арналған мерекелік кешті ұйымдастыру;
- Кеш барысын қызықты,заманауи қылып ұйымдастыру;
- Кеш барысында қолаңсыз оқиғалар болмауын алдын-ала қамтамасыз ету.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің басшылығы және колледжішілік «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенділерімен жиын өтті.Жиын барысында,студенттік шыршаны ұйымдастыру жолдары қарастырылды.Бірінші кезекте,жаңа жыл қызықты,есте қалатындай,мәні бар,өткен жылды қорытындылау,жаңа келе жатқан жылды көңілді қарсы алу.Екінші кезекте,кез-келген әдемі шараны ұйымдастыру үшін,әдемі ақша керек.Колледжден жаңа жылдық кешке 100.000 (жүз мың) теңге бөлінді.Ол қаражат биылғы шырша жылдағыдай асхана да емес,ауқымы кең спорт зал да өткізілетін болғандықтан,безендірілуі де сол ақшаның ішінде,бишілердің және жыл басы(ит,тауық т.б.) киімдерінің жалға алынуы ,ұйымдастырушы 45 (әнші,биші,аяз ата,ақшақар т.б) студенттерге Аяз атаның қоржынан деп берілетін сыйлықтың қаражаты да соның ішінде болатын.
«Жастар ісі жөніндегі комитет» белсенділерінің ұсынысын қабылдамасқа болмады.Ол ұсыныс,колледж студенттеріне ұтыс билетін (200 теңгеден) шығарып сату еді.Ерекшелігі,студенттерді кешке ынтызар қылу,сатылған билеттің жарты ақшасын теңдей Талсуат елді-мекеніндегі «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы» КММ-не сыйлықтар алуға және жарты ақшасын ұтыстың заттарын алу,ең басты сыйлыққа СМАРТФОН ұялы телефонын қою болатын.Директорымыздан қолдау табылып,4 бөлімшеге арналып,400 дана билет шығарылып сатылды.Біздің колледжде алғаш рет билет сатылып ұйымдастырылған шара болған соң,біздің күткенімізден де аз билет сатылды.4 бөлімшеден барлығы 44.800 (қырық төрт мың сегіз жүз) қаражат жинақталды.Теңдей бөлініп,жартысына 30 ұтыс билетіне сыйлықтар алынды,ең бастысы СМАРТФОНтелефонын да нөмірі 350 билет егесі иеленді.Қалған қаражатты «Оңалту орталығына» қалдырылды.27 желтоқсан күні,сағат 15.00-де кешіміз ашылып,колледж директоры студентерді жаңа жылымен құттықтап,шарамыздың шымылдырығын ашып берді.Барлығы өз деңгейінде өтіп,ешқандай айқай-шусыз тарқасты.
Қаулы етілді:
- «Төрлет,Жаңа жыл-2018!» атты колледжішілік шыршаны ұйымдастыру «Жастар ісі жөніндегі комитетіне» тапсырылды.
- Жаңа жылдық кеште студенттер арасында түсінбеушіліктерді болдырмау үшін,алдын-ала сақтандыру шаралары колледж инспекторына қадағалау тапсырылды.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов
«Жастар ісі жөніндегі комитет» төрайымы: А.Оржанова
Хатшы:Д.Ермекбай

Колледжішілік«Жастар ісі жөніндегі комитет» жиналысының
№___ хаттамасы
Күні:25.10.2017 жыл
Қатысушылар: Колледж директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар,бөлімше меңгерушілері және колледж белсенділері
Жауапты:Оржанова Анар Мирамбекқызы
Күн тәртібінде:
- «Бар жақсылық-балаларға!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру;
- Жасөспірімдерге жанашыр болып қалыптасуын қадағалау;
- Әртүрлі мәселелер.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің басшылығы және колледжішілік «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенділерімен жиын өтті.Жиында,директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Мамытов №3 Талсуат елді-мекеніндегі «Оңалту орталығынан» келген хатпен таныстырды.Хатта осы мекемеде жатқан 18 жасқа дейінгі «ерекше балаларға» мұқтаж заттармен қамтамасыз етуін(крассовка,ойыншықтар ой-өріс дамытатын,тағы басқа ұсақ-түйек заттар) және көтеріңкі көңіл сыйлап,олардың орны біз үшін керек екенін білдірту мақсат еді. «Жастар комитетінің төрайымы» Оржанова Анар сөз алып,ұсыныс білдірді.Ұсыныста,жәшік қойылып,колледж мұғалімдері мен студенттреге тереңірек түсіндірме жұмыстары жүргізілсе,қайырымдылыққа әркім қол созар деген мақсатта.
Аталмыш ұсынысты басшылықтан қолдау тауып,іске кірісу бұйырылды. «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» 64 белсендісімен,қаншама еңбектің арқасында,37.250 теңге жиналып,керек заттарды алып,концерттік бағдарламамен «Бар жақсылық-балаларға!» атты ұранмен барып қайттық.Көздеріндегі өмірге деген қызығушылықтарын,белсенділіктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Оңалту орталығының» басшылығы дән риза болып,5 студентке өз алғыс хаттарымен марапаттады.
Қаулы етілді:
- Қайырымдылық шарасын көптеп өткізілуін қадағалау;
- Жасөспірімдерді елжандылыққа тәрбиелеу;
- Алдағы уақытта тағы да «Оңалту орталықтарына» бару.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Мамытов
«Жастар ісі жөніндегі комитет» төрайымы: А.Оржанова
Хатшы:Д.Ермекбай























































