» » » Әскери міндет

Әскери міндет

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіндегі 

әскери –патриоттық тәрбие беру жұмыстары


Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігін қорғаудың бүгінгі таңдағы маңызына тоқталсақ Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің салтанатты жиынында: «Егер де Тәуелсіздігімізді баянды еткіміз келсе,онда біз өз Отанымызды,

оның шекарасы мен тыныштығын, мемлекетімізді көздің қарашығындай сақтап, қорғай білуге тиіспіз» - деп мемлекеттік органдармен бүкіл қазақстан халқының болашақ Отан қорғаушыларын даярлаудағы міндеттерін айқын көрсетіп берді.

Еліміздің ата заңы - Конституцияның 36 – бабының 1 - тармағында  «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қәсиетті парызы мен борышы» делінсе сол бабтың 2 -тармағында: « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады » деп міндеттейді.

Сондықтан әрбір жасөспірімді – болашақ Отан Қорғаушысы ретінде, өзін әскери қызметке дайындауда, Отан алдындағы өз борышын адал атқаруға, азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге, отансүйгіштік, елінің патриоты болып қалыптасуына даярлайтын пән «Алғашқы әскери дайындық» пәні.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні ҚР азаматтарын ҚР ҚК–де басқа әскерлері мен әскери құрамаларда әскери қызмет етуге дярлау жүйесінің құрамдас бөлігі, иелігі менменшік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Алғашқы әскери дайындық» пәні 9-шы сынып негізінде оқуға қабылданған оқу топтарында жүргізіліп келеді.

Жыл сайын 20-дан астам оқу топтарында жоғарғы білімді, өз мамандығының иегерлері «Алғашқы әскери дайындық» пән оқытушылары Қ.Т Ермаханов, Д.Бакуов секілді оқытушылар мыңнан астам оқушыға дәріс беріп келеді.

Сабақ барысында оқушылар, азаматтардың Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсаты, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін түсінуге, әскери қызметке шақырылған кезде, әскери қызметтің қиыншылықтарына аз уақыт ішінде бейімделуіне, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруге, жас сарбаздыңбілімі деңгейінде практикалық машықтанушылық, мінез-құлқы қалыптасып қана қоймай, жастарды Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышын мүлтіксіз орындауға деген әзірлік рухында тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлінеді.

  Колледжде «Алғашқы әскери дайындық» және «Өмір қәуіпсіздігі негіздері» пәндік дәрісхана білім беру талаптарына сай жабдықталған:

1.Сабақ алдындағы оқушылардың сапқа тұру орны.

2.Ротаның тәуліктік кезекшілік орны (тәуліктік кезекші құжаттары, тумбы, телефон, «дабыл» қондырғысы, өрт сөндіру құралының макеті)

3. «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің 8-тарауына байланысты:

а) ҚР ҚК–нің негіздері

б)ҚР ҚК-нің жарғылары

в) атыс дайындығы

г) тактикалық дайындық

д) саптық  дайындық

е) әскери топография

ж) азаматтық қорғаныс

з) алғашқы медициналық көмек стенділерімен жабдықталған

4. Дәрісханада ҚР президентінің бейнесі, ҚР мемлекетінің және ҚР ҚК рәміздері, «Әскери ант», ҚР президентінің «ҚР ҚК құру туралы» жарлығынан үзінді.

5. Колледж оқушысы «Б. Шалғынбаев-интернационалист» бұрышы

6. Бөлмелік тир (ұзындығы 10 метр)

7. Оқу және жеке басты қорғау құралдарына арналған шкаф.

8. «Алғашқы медициналық көмек» шкафты (дәрі- дәрмектер)

9. Оқу қарулары (макеттер) қоятын пирамида

10. Қару тазалау орны

11. 32 оқушыға арналған оқу орны

12. Оқытушы және көрнекілік құралдар орны бөлінген

Саптық дайындық жүргізу үшін ауданы 8х16м үш саптық алаң дайындалған.

«Қару-жарақ сақтауға арналған бөлме», жергілікті «дабыл» сақтандыру қондырғысымен жабдықталған.

Көрнекті оқу құралдары: 

а) АК-74 автоматының -9  дана  

б) пневматикалық «Байкал -512» винтовкасы -3 дана

в) медициналық зембіл -2 дана

г) противогаз «ГП-5» -60 дана 

д) макет «АКМ» -10 дана

е) көздеу станогы  - 1 дана  

ж) дозиметрлік «ДП-24 В» құралы – 1дана

з) командирлік жәшік «КЯ -73» - 1дана

и) медициналық аптечкалар «ИП-8» - 4дана

к) жалпы әскери қорғаныш киімі «ОЗК» - 2дана 

л) танкіге қарсы мина «ТМ -62» - 1дана

м) жаяу әскерге қарсы мина «ПМН -2» - 2дана

н) қол гранаталары «РГД -5» - 2 дана

о) танкіге карсы қол гранатасы «РГ -42» - 2дана

р) таратпа тақырыптық таблицалар -30дана

с) тақырыптық плакаттар -20дана

т) автомат магазині - 2дана + 30 патрон

Оқушыларға  әскери-патриоттық тәрбие беру тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда да үнемі жүргізіліп келеді.

Әр оқу жылы басында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Мамытов бекіткен жыл жоспары бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша «жеке шығармашылық жұмыс жоспары» «әскери-патриоттық  және сабақтан тыс жұмыстар жоспары» дайындалып, жыл бойына жұмыстар жүргізіледі. Әр оқу топтарының жылдық тәрбие жұмыстарына әскери-патриоттық тәрбие сағаттары қарастырылып, өткізіледі.

Колледжде «Әскери-патриоттық» даңқы зал дайындалып, жылда жаңа стенділермен толықтырылуда.

Колледж оқушысы  «Б. Шалғынбаев – интернационалист» бұрышы дайындалып, жылда оқушыларға  патриоттық тәрбие сағатында 1 минуттік үнсіздік жарияланып, ерлігі еске алынып отырылады.    

Әскери жетекшілер күшімен  Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға әскери есепке ҚР «Тәуелсіздік күніне» арналған колледж ішілік, 4 бөлімше командылары арасында «әскери сайыс байқау»: 

а) атыс дайындығынан

б) саптық тәсілдер байқауы

в) саптық ән байқауы

г) азаматтық қорғаныс және алғашқы медициналық көмек байқауы

д) әскери –эстафета 

түрлерінен сайыс өткізіп, жеңімпаздарды колледж директорының және «жастар одағының арнаулы силығымен марапаттау дәстүрге айналды.2018 жылдың қаңтар айында жергілікті емханадан колледж оқушылары провилактикалык тексеруден өткізіліп Қызылорда қаласының қорғаныс істер басқармасына 35 колледж оқушылары апарылып әскери есепке алынды.100% қамтылды.

ҚР Қарулы Қүштерінің құрылған күніне, «Жеңіс күніне» арналған «Бейбіт елдің қорғаны болар, ұландар» атты ұранмен сәуір- мамыр айларында «әскери спорттық айлық»  өткізіледі.

Жарыс жеңімпаздарын соғыс және еңбек ардагерлері марапаттауға шақырылады.

«Жеңіс күніне» арналған соғыс және еңбек ардагерлерімен колледж оқушылары кездесулер ұйымдастырып, «Тағзым алаңына»гүл шоқтарын қою жыл сайынғы дәстүрге айналды. 

Қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері колледжімізге есімі берілген И. Әбдікәрімов ескерткішіне «Даңқ күзетін» қойып, ол кісінің туған – туыстарымен кездесу ұйымдастырылады. 


Колледж кітапханасында «Ата дәстүр ұштастығы» және «Ерлікке тағзым» атты «Ұлы Отан соғысы» және «Ауған соғысы» ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыруға колледж оқушылары белсене қатысады.

Облыстық оқу орындары арасындағы әскери патриоттық сайысын өткізуге ат салысып келеміз.

Колледж қабырғасында Д.Бакуов жетекшілік ететін «Сардар» жас ұландар клубы, «Мерген» жастар клубы мүшелерімен бірнеше әскери патриоттық іс-шаралар жүргізіледі. 

Оқушыларға әскери -патриоттық тәрбие беру мақсатында және әскери қызмет атқару ісін жете меңгеру үшін қала көлемінде орналасқан әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырылып  тұрады. 

«Мен әскерге барамын» атты тақырыбта № 2019 әскери бөліміне қалалық ішкі саясат  басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға қатысып марапатталдық.

Колледж оқушыларының жоғарғы курс оқу топтарында өзінің әскери  борышын өтеп келген оқушылармен «Тәртібің қалай Жас Ұлан» атты пікірлесу сағаттары жүргізіліп келеді.

«Болашақ ұрпақ –ел қорғаны» біздің оқушыларымызды  болашақта еліміздің отаншыл, адал қорғаушыларын тәрбиелеуде «Алғашқы әскеридайындық» пән оқытушылары колледж қабырғасында өткізілген «Ашық есік» күнінде әскери –патриоттық жұмыстар және әскери оқу құралдары көрмесін ұйымдастырып , мектеп оқушыларына үлгі өнеге көрсетіп келеді,  алдағы уақытта да өз білімдерін сарп ете отырып, биік белестерден көрінедідеп  сенемін.



«Жастық жалынымыз сүйікті Отанымызға» атты  әскери – патриоттық сайысы  

    
                                           

«Мен әскерге барамын» атты тақырыбта № 2019 әскери бөліміне қалалық ішкі саясатбөлімінің  ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара барысында
                                     
           



«Болашақ ұрпақ –ел қорғаны» «Алғашқы әскери  дайындық» пән оқытушылары колледж қабырғасында өткізілген «Ашық есік» күні




Кеңес одағының батыры М.Маметованың 95 жылдығына арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен Ұлы дала ұрпақтарын тәрбиелеуде « Мәңгілік ел » идеясының алары орны атты паттриотық форумы аясында «Мәншүк маршы» 

 

М
31 қаңтар 2018 ж. 0 0