» » » «Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже»

«Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже»

19.04.2019ж – «Политехникалық және жаңа технологиялық мамандықтары» бөлімшесінің «Кәсіби бағдар: сапалы білім, жетістікті нәтиже» тақырыбындағы онкүндік аясында «Электротехника және автоматика пәндері» циклының арнайы пән оқытушылары Жакенова Б., Жұмағұлова А., Жәнібекова З студенттерді ізденімпаздыққа, білім алуға қызығушылығын арттыру, оқу еңбегіне баулу, студенттерді белсенділікке және шығармашылыққа, сонымен қатар үлкен жетістіктерге ұмтылуға талаптандыру негізінде «Электротехника және электроника негіздері» кәсіптік оқу орындары арасында облыстық деңгейде олимпиада ұйымдастырды. Олимпиадаға қатысқан студенттер өздерінің алған білімдерін өте жақсы көрсете білді. Студенттер берліген тапсырмаларды орындап, өз бетінше шешім қабылдап, қызығушылықтарын көрсете білді. 
Қорытындылай келе жеңімпаздар анықталып, сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.