» » История

История

История

«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»  
«... Бізбүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз...»
                Н.Ә.Назарбаев.
                              
Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты - тарих сахнасынан орын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері олардың қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңіне бүгінгі бүкілхалықтық дәрежеде мән беру - қазіргі кездегі үлкен мәселе. 
   Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге жетуі керек.
   Тарихын тереңнен тартқан сондай білім ордасы – Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі – Сыр өңіріндегі іргелі білім ордасы, парасат ұлысына айналып, ауылшаруашылығына, өнеркәсіп пен транспорт салаларына орта буын даярлайтын бірден бірбілім ошағы.
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №814 қаулысымен Қызылорда ауылшаруашылық,  политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды.
Тәуелсіз еліміздің керегесі кең , шаңырағы биік болып, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылуы үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге жетуі керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген Ахмет Байтұрсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да байлығы басқа халықтың қолына көшеді» - деп біліктілікпен айтып кеткен екен. 

Тарихын тереңнен тартқан сондай білімнің қарашаңырағы – Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі – Сыр өңіріндегі іргелі білім ошағы, парасат ұясына айналып, ауылшаруашылығына, өнеркәсіп пен транспорт салаларына орта буын мамандар даярлайтын бірден- бір білім ордасы.
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысымен Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды.
1930, 1947, 1979 жылдан бастап өзіне тән дәстүрі, жолы болған үш оқу орнының басын қосып, жаңадан ұжым қалыптастырып, жұмыс жасау әрине оңайға соққан жоқ. 

Колледжіміздің тарихы тереңнен , сонау 1930 жылдан басталады. 1930 жылы агро-индустриялы техникум құрылады. 1931 жылы осы техникум негізінде Қызылорда ауылшаруашылығы техникумы құрылды. 1959 жылы 23 ақпанда № 19 бұйрық бойынша Қызылорда ауышаруашылық техникумы Қазалы зоотехникалық малдәрігерлік техникумына біріктіріліп, Қазалы ауылшаруашылық техникумы болып аталды. 1971 жылы 17 маусымдағы № 491 Қазақ ССР Ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығы бойынша Қазалы ауылшаруашылық техникумы Қызылорда облысындағы Сырдария ауданына қарасты «Комсомол» совхозы аймағына көшіріліп, Қызылорда ауылшаруашылық техникумы болып аталды. 1977 жылы техникум совхозбен бірігіп, Қызылорда совхоз техникумы болып қайта құрылды. Кейіннен ауылшаруашылық кололеджі болып қайта жарақталған бұл оқу орнынан ұлан байтақ еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын дамытуға өз үлесін қосқан майталман азаматтар: Социалистік Еңбек Ері Бәйімбетов Орынбасар, Социалистік Еңбек Ері Бейсенов Алдаберген, көп жылдар бойы облыс білім басқармасының меңгерушісі болған, педагогика ғылымдарының кандидаты Мүсілімов Әли шықты.

Агроколледж негізін қалаған келесі оқу орны – Қызылорда политехникумының тарихы 1946 жылдан басталады. Нақтылап айтсақ КСРО Су шаруашылығы министрлігінің 1946 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығымен Қазақстанның оңтүстік аймағы су жүйесін мамандармен қамтамасыз ету үшін Гидромелиоративті техникум құрылды. 1969 жылы жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты гидромелиоративті техникум политехникалық техникум болып қайта құрылды. Кеңес Одағы кезінде бүкіл Одақ бойынша материалдық техникалық базасы жағынан алдыңғы қатарда болған бұл оқу орнында 1200 оқушыға арналған оқу зертханалары, кабинеттері, үш спорт залы, оқу және акт залдары, 1982 жылы іргесі қаланған 100 адамдық санаторий-профилакторийі болды. Сол кезеңдегі тек Қазақстан емес, бүкіл Одақтағы үлкен жетістік еді. Политехникум тарихында оның түлектері: Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Қошқаров Серікбай, бірнеше жыл Сырдария ауданының әкімі болған, белгілі кәсіпкер Хожбанов Әріп, белгілі композитор Рамазан Тайманов есімдері құрметпен аталады. 

1979 жылы КСРО жоғары және арнаулы орта оқу министрлігінің келісімі бойынша Жол қатынас министрлігінің 03.08.1979 жылғы № ТД - 25332 бұйрығымен Қызылорда теміржол көлігі техникумы ашылды. 1982 жылы техникумның жаңа ғимаратының іргетасы қаланып, оқу комплексінің құрылысы басталды. 1983 жылы техникум тарихында тұңғыш рет 75 жас маман Қызылорда теміржол бөлімшесіне жолдама алып, қыры мен сыры мол мамандықты игеріп, жемісті еңбек етті. Техникумның алғашқы қарлығаштарының ішінен бүгінде Әбдіразақ Қалтай Қостанай депосында, Мусаев Жұлдызбай Қызылорда депосында басшылық орындарда болса, Көпірбаев Мұхтар Қызылорда депосында кәсіподақ ұйымының төрағасы. 

«Елге сіңірген ел жақсы Еңбекті елеген ел жақсы»- деп қазақтың біртуар ұлы Спандияр Көбеев айтқандай осы оқу орындарының білікті басшысы, ұстаздардың ұстазы бола білген азаматтарды атап өткеніміз жөн болар. Олар: Құлымғалиев Жалайыр Иманғалиұлы – ауылшаруашылығы техникумын 23 жылдай басқарған. Бірнеше ерт КСРО , Қазақ КСР ауылшаруашылығы министрлігінің Мақтау грамоталарымен мараптталған.1955, 1971, 1972, 1977 жылдары Қазалы, Сырдария аудандық кеңесі атқару комитетінің депутаты болып сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 

«Адам емес мәңгі өлмейтін атағы Өмірбақи жасайды ғой ол тағы» - дегендей Сыр елінде , біздің колледж тарихында аты өшпейтін бірнеше дарабоз тұлғалар болса, ел аузына іліккен қадірменді азаматымыз – ұстаз-басшы Орманов Жамбыл Орманұлы. 1957 -1979 жылдар аралығында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен.1979 жылы жаңадан ашылған Қызылорда теміржол техникумының алғашқы директорлығына тағайындалды. 
Білім саласында, Қызылорда политехникумының тарихында басшылық қызмет атқарып халық қалаулысына айналған Садықов Арғынғазы Садықұлын ерекше атап өтуімізге болады. 1964-71 жылдары механизация бөлімшесінің меңгерушісі, 1971-81 жылдары политехникумның директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1982 жылы политехникум директоры болып тағайындалып, сол қызметті 1997 жылға дейін абыройлы атқарды. Қазіргі уақытта колледжімізде ардагарлер кеңесінің төрағасы.
Осы үш оқу орнынан құралған Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің мамандар дайындап, жұмыс істеп келе жатқанына бір мүшелдің жүзі болды.

Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысымен Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды. Жаңа оқу орнының директоры болып, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Баязитұлы Құдайбергенов тағайындалды. 
1997-2007 жылдар аралығында Нұрлан Баязитұлы Құдайбергенов колледжді басқара отырып, ХХІ ғасыр заман талабына сай әртүрлі салалар бойынша мамандар дайындауға зор үлесін қосты десек артық болмас. Қазіргі таңда Нұрлан Баязитұлы Қызылорда облыстық Мәслихат Хатшысы болып қызмет атқарады. 
Колледждің оқу-материалдық базасын қалыптастыру, дамыту, жабдықтау, сапалы білім, саналы тәрбие беретін оқытушылар құрамын жасақтау, әртүрлі колледждің қабырғасында білім алып келе жатқан оқушыларды бір ұжымға қалыптастыру т.б жұмыстар сол кездегі колледж әкімшілігі мен оқытушыларының атқарған міндеттері болды. 
2003 жылы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 497 (30.05.2003 ) Қаулысымен Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, соғыс және еңбек ардагері , техникум түлегі Исатай Әбдікәрімовтың есімі берілді. 

Жалпы колледж оқу корпусы типтік жобамен салынған екі ғимараттан тұрады. № 1 Бас оқу ғимараты 1976 жылы салынған, жобалық қуаты 1200 студентті оқытуға жобаланған. № 2 оқу ғимараты 1967 жылы салынған, жобалық қуаты 300 студентті оқытуға жобаланған. Колледж қаламыздың көрікті, орталық бөлігінде орналасқан бұрынғы политехникалық колледж ғимаратында.

Колледж жатақханасы 1979 жылы салынған, жобалық қуаты 200 студент жатуға жобаланған. Екі оқу ғимаратында 43 зертхана, 50 оқу кабинеті оқу процесіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Заман талабына сай білім беру процесін ақпараттандыру мақсатында колледжге 2 мультимедиялық проекторлы аппаратура, 14 интерактивті тақта алынып, оқытушылар мен оқушылардың пайдалануына берілді. Колледжддегі барлығы 5 бөлімше, 15 циклдік-әдістемелік комиссиялар компьютермен жабдықталған. Халықаралық интернет жүйесіне қосылған кабинет бар. Соңғы талапқа сай жабдықталған 324 орындық акт залы, 2 спорт залы және тренажерлік – атлетикалық залдар өз қызметін көрсетіп келеді. 

2 асхана колледж ұжымы мен сырттан келетін қонақтарға да өз ас мәзірін ұсынады.
Колледждің оқу-өндірістік базасында инженерлік жүйеге келтірілген егістік және жайылымдық жер,әртүрлі маркалы ауылшаруашылық, мелиоративтік- құрылыс машиналарынан тұратын машина-трактор паркі бар. 
Оқу шеберханасында оқушылар металды жону, тегістеу және электрлік пісіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшы мамандығына дағдыланады. 
Бүгін таңда колледждің күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінде 36 мамандықтар бойынша мамандар дайындалады.Күндізгі оқу бөлімінде - 2149, сырттан оқыту бөлімшесінде - 1111 студент білім алып жатыр. 80 жылдық тарихында колледж еліміздің халық шаруашылығына 30 мыңнан астам мамандар даярлады. 

«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деген екен көрнекті педагог Ушинский. Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған, бар күш жігерін шәкірт бойына білім етіп құйып жүрген ұстаздар қауымы. Колледжде еңбек ететін 229 оқытушының 2-і ғылым кандидаты – С.Т. Тәуіпбаев - техника ғылымдарының докторы, профессор, Ермұхан Бауыржан – ауылшаруашылығы ғылымдарының .Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің 10 үздігі – 
Өтемұратов М.Ж, Садықов А.С, Зигерт А.В, Каримов М.К, Ермұхан Б.Б, Бекманов К.Б, Махатова Г.Н, Аманова С.Ш, Сулеева Г.Т, Сыздықова Г.Н. 9 ғылым магистрі болса, жоғары санатта - 30, бірінші санатта - 49 ұстаз бар. 

Өз ісінің маманы болып, шығармашылқпен жұмыс істейтін ұлағатты ұстаздарымыз да жетерлік. Өзі білім беретін мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартының авторы–Кәрімов Мұстафа Кәрімұлы (2106002– монтаж и наладка элеткрооборудования электр станций, подстанций и линий электропередачи ) , 
««Ветеринария » мамандығы бойынша тәжірибелік сабақтар жиынтығы» оқу құралын дайындаған- Аманова Сәрсенкүл, Абдукаримова Зибагүл, «Егістік тәжірибе» оқу құралын дайындаған Есеахаева Дана, Досжан Сермағанбет, Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу құралын дайындаған Махатова Гүлсара мен Жаулыбаева Әсияның еңбектері колледжіміздің жас оқытушыларына үлгі болып келеді.
01 декабрь 2017 г. 0 0